Қазақстан дзюдодан Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.

Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті. 

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.

Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.