Маңғыстауда сарқырама маңындағы демалыс қайғылы оқиғаға ұласты

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан «Аралбай» сарқырамасына демалысқа барған.

Полиция аталған оқиға бойынша жан-жақты тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан «Аралбай» сарқырамасына демалысқа барған.

Табиғат аясында жайылған дастарқан басында отырған 56 жастағы ер адам кәуап сүйегіне қақалып қалған. Өкінішке қарай, оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде барынша сақ әрі мұқият болуға шақырды.