«Кино – ғашығымсың»: Дариға Бадықова жаңалығын жариялады

Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында Өскемен қаласында жүрген бейнежазбаны бөлісті.

Актриса, продюсер Дариға Бадықова шығармашылықтағы жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында Өскемен қаласында жүрген бейнежазбаны бөлісіп, жаңа фильмнің түсірілімі басталғанын жеткізді. Бейнежазбада шығармашылық топ жаңа жобаны талқылап жатқан сәт көрсетілген.

Бұл жолы құтқарушылар туралы кино түсірмек.

«Бұйырса, Өскеменде жаңа фильм түсіреміз. Құтқарушылар туралы. Кино – ғашығымсың, абыройымсың, шабытымсың, дамытушымсың», – деп жазды актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.