Түркістанда күштік құрылымдар саммит қауіпсіздігіне дайын

Іс-шараға ҚР ІІМ-нен Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов бастаған полиция басшылығы арнайы келіп, дайындықты пысықтады.

Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында ауқымды гарнизондық таратылым өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға ҚР ІІМ-нен Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов бастаған полиция басшылығы арнайы келіп, дайындықты пысықтады.  

Саптық жиын барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік тәртібі,  арнайы құрал-жабдықтары мен автокөліктердің техникалық жай-күйі қадағаланды.

Облыстың бас полицейі А.Заппаров: «Халықаралық саммит қауіпсіз әрі тыныш өтуі үшін әрқайсыңызға жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауларыңыз тиіс. Бұл қызметте ұқыптылық, тәртіп пен заң бәрінен маңызды»-деп атап өтті.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Іс-шаралар өтетін орындар мен орталық көшелерде жаяу және автопатрульдер саны арттырылып, бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығы арқылы тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Назгүл Назарбек, Түркістан облысы