Кассациялық сот Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың шағымын қанағаттандырмай, бұрынғы үкімді күшінде қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қорғаушы тарап Байжановтың бұрын сотталмағанын, үш баланың әкесі әрі отбасының жалғыз асыраушысы екенін айтып, жаза мерзімін қысқартуды немесе шартты жаза тағайындауды сұрады.
Алайда жәбірленуші тарап пен прокурор сотталушының қылмыс ізін жасыруға белсенді түрде қатысқанын мәлімдеді. Сот дерегінше, Байжанов мейрамханадағы бейнежазбаларды өшіріп, камераларды сөндірген, қызметкерлерді таратып, құқық қорғау органдарының кіруіне кедергі жасаған.
Судья Сералин сотталушының Нүкенова қайтыс болғаннан кейін қылмыс ізін жасыру әрекеттерін жасағаны дәлелденгенін айтып, кассациялық шағымды қанағаттандырудан бас тартты.
Айта кетейік, 2025 жылы рақымшылыққа ілініп, Байжановтың жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күнге қысқарған.