Қазақстан жастарының стресс және депрессиялық симптомдарын реттеудегі MBSR әдісінің тиімділігі

Бұл нарративті шолуда Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарға ықпалына қатысты 2015–2026 жылдар аралығында жарияланған заманауи ғылыми деректер қарастырылды. Талдау барысында халықаралық және қазақстандық мета-талдаулардың, сондай-ақ рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің нәтижелері жүйеленіп, салыстырмалы түрде бағаланды.

Бұл нарративті шолуда Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарға ықпалына қатысты 2015–2026 жылдар аралығында жарияланған заманауи ғылыми деректер қарастырылды. Талдау барысында халықаралық және қазақстандық мета-талдаулардың, сондай-ақ рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің нәтижелері жүйеленіп, салыстырмалы түрде бағаланды.

Жинақталған деректер MBSR бағдарламасының субъективті қабылданатын стресс деңгейін төмендетуде тұрақты әрі қайталанатын оң әсер беретінін көрсетеді. Бұл әсер эмоцияларды реттеу дағдылары мен зейінді басқару қабілетінің жақсаруымен түсіндіріледі.

Депрессиялық симптомдарға қатысты әсері, әдетте, шағын немесе орташа деңгейде байқалып, оның айқындылығы интервенцияның ұзақтығына, қатысушылардың белсенді қатысуына және зерттеу контекстіне тәуелді екені анықталды. Сонымен қатар, онлайн және гибридті форматтардың тиімділігі туралы мәліметтер MBSR бағдарламасының қолжетімділігін кеңейту әлеуетін айқындайды.

Жалпы алғанда, шолу нәтижелері MBSR бағдарламасын Қазақстан жастарының психикалық денсаулығын қолдауда мәдени және білім беру ортасына бейімдеп енгізудің ғылыми негізделген мүмкіндіктерін көрсетеді.

Кілт сөздер: 

Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR), майндфулнесс, саналық,  стресс, депрессия.

Кіріспе:  

Қазақстанда жастар арасындағы психоэмоционалдық жүктемелер соңғы жылдары айқын артып отыр. Оқу және кәсіби стресс, әлеуметтік-экономикалық белгісіздік, сондай-ақ созылмалы стрессорлардың әсері жастардың психикалық саулығына елеулі қауіп төндіруде. Қазақстан Республикасында жүргізілген HBSC (Health Behaviour in School-aged Children, 2022) халықаралық зерттеу нәтижелері 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 16,6%-ында психикалық саулықтың төмен деңгейі мен депрессиялық белгілер байқалатынын, ал 15 жасқа қарай бұл көрсеткіштің 21,8%-ға дейін өсетінін көрсетеді [1]. 

Сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындары студенттері арасында жүргізілген зерттеулерде эмоционалдық сарқылу (burnout) синдромының таралуы 28–31% деңгейінде анықталған, бұл оқу жүктемесінің созылмалы стресс факторы ретіндегі рөлін дәлелдейді [2,3].   UNICEF-тің Қазақстан бойынша  талдауында (SitAn) 2022 жылы 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында суицидтен қайтыс болу 35 жағдайды құрағаны көрсетіледі, бұл көрсеткіш психикалық денсаулықтың алдын алу шараларының маңыздылығын айқындай түседі [4,5].  

Осы деректер Қазақстанда жастарға арналған, университеттерде, жастар орталықтарында және психологиялық көмек көрсету қызметтерінде қолдануға болатын қолжетімді әрі ғылыми дәлелденген профилактикалық әдістемелерді енгізу қажеттігін негіздейді.

Осыған орай, зерттеудің мақсаты MBSR бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарға ықпалын психологиялық теориялар негізінде нарративті түрде талдау. 

MBSR саналық тәжірибелер негізінде құрылған құрылымдық бағдарлама, ол дәстүрлі түрде медитация, денені сканерлеу және саналы қозғалыстар тәрізді практикаларды қамтиды және стрестің төмендеуіне, эмоционалдық реттеудің жақсаруы мен эмоцияларды тану және басқару қабілетінің дамуына ықпал етеді.

 MBSR бағдарламасы 1970-жылдары профессор Джон Кабат-Зинн тарапынан әзірленіп, жеке тұлғалардың өздерінің ішкі тәжірибелеріне мән беруге үйренуіне көмектесу арқылы стресс реакциясын төмендетуді көздейді (Kabat-Zinn, 1990; Meibert, 2011) [6,7].  

Зерттеулер көрсеткендей, MBSR практикасы стрессті, мазасыздық пен депрессияны азайтуға, сондай-ақ эмоционалдық реакция мен эмоционалды реттеуді жақсартуға қабілетті (Khoury et al., 2015; Goldin et al., 2010) [8,9]. 

Бұл зерттеу жастар арасында стрессті, мазасыздық пен депрессиялық белгілерді төмендетуге бағытталған MBSR бағдарламасының тиімділігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері Қазақстан жағдайында психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған бағдарламаларды дамытуға және бейімдеуге теориялық үлес қосатыны сөзсіз.

Әдебиеттерге шолу: 

Бұл бөлімде стресс пен депрессиямен күресте MBSR әдісін қолдануға арналған негізгі зерттеулер қарастырылды. Қазақстандық және халықаралық ғылыми әдебиеттерде студенттер, қызметкерлер және басқа да әлеуметтік топтар арасында MBSR бағдарламасының тиімділігін бағалауға арналған зерттеу еңбектері жүйелі түрде талданды. MBSR бағдарламасын қолданудың әдістемелік негіздері сипатталып, оның тиімділігін дәлелдейтін мета-талдаулар мен жүйелі шолулар басым түрде іріктелді, осыған байланысты ғылыми  еңбектер талданды.

De Vibe, M., Bjоrndal, A., Fattah, S., Dyrdal, G. M., Halland, E. және Tanner-Smith, E. жүргізген мета-талдау нәтижелері Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламаларының қабылданатын стресс деңгейін статистикалық тұрғыдан мәнді төмендететінін және психологиялық әл-ауқаттың интегралды көрсеткіштерін едәуір жақсартатынын дәлелдейді (de Vibe et al., 2017) [10].

Khoury, B., Sharma, M., Rush, S. E., & Fournier, C. жүргізген мета-талдау mindfulness-негізделген стресс төмендету бағдарламасының (MBSR) тиімділігін бағалауға бағытталған 29 эмпирикалық зерттеуді қамтыды. Нәтижелер MBSR интервенцияларының қабылданатын стресс деңгейін, мазасыздық пен депрессиялық симптомдарды елеулі түрде төмендететінін көрсетті. Авторлар бағдарламаның тиімділігі клиникалық емес, яғни дені сау популяцияларда да тұрақты байқалатынын атап өтеді. Осы деректер MBSR-ді психологиялық дистресстің алдын алуға арналған ғылыми негізделген профилактикалық интервенция ретінде қарастыруға мүмкіндік береді (Khoury et al., 2015) [8].

Gross, J. J. , Aldao, A., Gee, D. G., De Los Reyes, A., & Seager, I. еңбектеріндегі эмоцияны реттеу теориясының заманауи дамуына сәйкес стресс деңгейі тұлғаның эмоциялық реакцияларды тиімді басқару қабілетіне тәуелді болатыны нақтыланды (Gross, 2015; Aldao et al., 2016) [11,12].

 Ал, Gu, J., Strauss, C., Bond, R., & Cavanagh, K., Hölzel, B. K., Lazar, S. W., Gard, T., Schuman-Olivier, Z., Vago, D. R., & Ott, U.  зерттеуінде MBSR тәжірибелері эмоцияны басуға емес, оны бағалаусыз қабылдауға бағытталу арқылы эмоционалдық реактивтілікті төмендетіп, стресс деңгейінің азаюына ықпалы зор екендігі анықталды. Сонымен қатар зейінді бақылаудың күшеюі саналық тәжірибелері арқылы когнитивтік бақылау желілерінің тиімді жұмыс істеуімен және эмоциялық реакцияларды реттеу қабілетінің артуымен байланысты болуы дәйектелді (Gu et al., 2015; Hölzel et al., 2016). [13,14].

Watkins, E. R. руминацияға қатысты қазіргі теориялық және эмпирикалық зерттеулер депрессиялық симптомдардың сақталуын қайталанатын жағымсыз ойлау үдерістерімен байланыстырады (Watkins, 2016) [15].

Mambetalina, A. Cyniak-Cieciura, M., Popiel, A., Zawadzki, B., Cremeans-Smith, J. K., Fruehstorfer, D., & (2025) еңбегінде PCL-5 сауалнамасының әртүрлі жарақат тәжірибелері бар үлгілер арасында өлшеу инварианттылығын тексере отырып, PTSD симптомдарын халықаралық деңгейде салыстыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. MBSR PTSD-ның бірінші қатарлы емдеу тәсілі емес, бірақ стресс, руминация және аффект реттеуін жақсартуда пайдалы болатыны қарастырылады. Сондықтан MBSR-дің жанама әсерін PTSD симптомдарына бағалауда PCL-5-тің мәдениетаралық сенімділігі аса маңызды болып табылады [16].

Осы тұрғыда, Bernstein, A., Hadash, Y., Lichtash, Y., Tanay, G., Shepherd, K., & Fresco, D. M. mindfulness негізделген интервенциялар, соның ішінде MBSR, ойларға метатанымдық дистанция дамытып, руминативті ойлау циклінің үзілуіне ықпал ететіндігін зерттеді (Bernstein et al., 2019) [17].

А.С. Мамбеталина, Л.М. Гитихмаева, Ж.К. Аубакирова, Ж. Әбішев, С.В. Карагулакова саналыққа негізделген өзекті эксперименттік зерттеулердің жүйелі шолуы халықаралық әртүрлі топтарында стресс, мазасыздық және депрессия симптомдарын төмендетудегі майндфулнес-интервенциялардың тиімділігін талдаған. [18].

 Tang, Y. Y., Hölzel, B. K., & Posner, M. I., Malinowski, P.  ғылыми еңбектерінде зейінді бақылау теориясының қазіргі нейрокогнитивтік үлгілері саналық тәжірибелерінің когнитивтік бақылау механизмдерін күшейтіп, стресс реакциясының физиологиялық және аффективтік компоненттерін төмендететінін көрсетеді (Tang et al., 2015; Hölzel et al., 2016; Malinowski, 2018) [19,20].

Жоғарыда талданған ғылыми еңбектерге сүйене отырып, жастардағы стресс пен депрессиялық симптомдарға әсер етуде Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасын қолданудың моделін ұсынамыз.

Сурет 1. MBSR-ді қолдану  моделі

Қазақстандық және халықаралық эмпирикалық зерттеулер мен мета-талдаулар Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасының стресс көрсеткіштерін төмендетудегі тиімділігін жүйелі түрде растайды (Baer Khoury et al., 2015; Yiming Pan et al., 2024; James Galante et al., 2018). Атап айтқанда, жастар арасында қабылданатын стресс деңгейінің статистикалық тұрғыда мәнді төмендеуі анықталды, бұл MBSR бағдарламасының эмоцияны реттеу және зейінді бақылау механизмдеріне тікелей ықпал етуімен түсіндірілді [21,22]. 

Ал депрессиялық симптомдарға қатысты әсер көбіне шағын немесе орташа деңгейде сипатталды және ол интервенцияға қатысудың тұрақтылығына, бағдарламаның ұзақтығына, сондай-ақ қолданылған форматқа тәуелді болып келеді (Andrew Dawson et al., 2020; Büşra Pençe et al., 2024). Бұл нәтиже депрессияның когнитивтік және руминативті компоненттерінің салыстырмалы түрде тұрақты болуымен және олардың қысқа мерзімді интервенцияларға сезімталдығының төмендігімен байланысты [23,24].

Shakimova, D.D., Lawrence, K.C., & Aubakirova, Z.K. (2024) еңбектерінде мұғалімдердің кәсіби даму тренингтері (TPD-R) арқылы стресске төзімділігін күшейтуге болатынын көрсету үшін квази-эксперименттік тәсілді қолдана отырып дәлелді. Нәтижелер PD мазмұнында эмоцияны реттеу, когнитивті қайта бағалау, әлеуметтік қолдауды белсендіру секілді дағдылар жүйелі оқытылғанда, стресс айтарлықтай төмендейтінін растайды, гендер және еңбек өтілі бойынша айырмашылықтар байқалып, әйел мұғалімдерде әсер күштірек болатындығы анықталды [25].

Психологиялық жай-күйді кешенді бағалау мақсатында зерттеуде валидтелген психологиялық және физиологиялық диагностикалық әдістер қолданылды. Психологиялық өлшеулерге қабылданатын стресс деңгейін анықтауға арналған Perceived Stress Scale (PSS), жалпы мазасыздық симптомдарын бағалайтын Generalized Anxiety Disorder Scale (GAD-7), сондай-ақ эмоцияларды қабылдау, түсіну және басқару қабілеттерін өлшейтін эмоционалдық интеллект тесттері (MSCEIT) енгізілді. Соңғы зерттеулер бұл құралдардың жастар мен студенттік популяцияда психометриялық сенімділігі мен мәдени бейімделу мүмкіндігінің жоғары екенін көрсетеді (Lee et al., 2015; Löwe et al., 2019; Keefer et al., 2018). [26,27,28].

Психологиялық көрсеткіштерді объективті деректермен толықтыру мақсатында физиологиялық бағалау әдістері пайдаланылды. Атап айтқанда, биофидбэк технологиялары автономды жүйке жүйесінің қызметін (жүрек соғу жиілігінің вариабельділігі, тері-галваникалық реакция) бағалауға мүмкіндік береді және стресс пен эмоциялық реттеу процестерінің физиологиялық маркерлерін тіркеуде кеңінен қолданылды (Lehrer & Gevirtz, 2014; Goessl et al., 2017) [29].

Сонымен қатар, электроэнцефалография (EEG) арқылы ми белсенділігін тіркеу зейіннің тұрақтылығы, эмоциялық реттеу және релаксациялық күймен байланысты нейрофизиологиялық өзгерістерді бағалауға жағдай жасалынды. 2015 жылдан кейінгі нейропсихологиялық зерттеулер mindfulness-негізді интервенциялардан кейін фронтальды және тета-альфа диапазондарындағы белсенділіктің өзгеретінін көрсетеді, бұл өзін-өзі реттеу механизмдерінің күшеюімен байланыстырылды (Tang et al., 2015; Cahn et al., 2019; Brandmeyer & Delorme, 2021) [30,31].

 Мұндай көпдеңгейлі диагностикалық тәсіл MBSR бағдарламасының психологиялық әсерін кешенді және дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдардағы зерттеулер онлайн және гибридті MBSR форматтарының да психологиялық тиімділігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, саналық тәжірибелерін цифрлық платформа арқылы жүргізу стресс пен депрессиялық симптомдарды азайтуда дәстүрлі офлайн форматтармен салыстырмалы нәтижелер береді (Qiang Wu et al., 2025; María Mariño-Narvaez et al., 2025) [32,33]. Бұл деректер MBSR бағдарламасын жастар үшін қолжетімді әрі икемді психологиялық интервенция ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. 

Сонымен, Қазақстан жастары арасында MBSR-ді қолданудың әсері: стресс пен депрессиялық симптомдарға заманауи ғылыми деректерге нарративті шолу жасалды.

1. MBSR бағдарламасының теориялық негіздері талданды.

Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасы зейінді саналы түрде қазіргі сәтке бағыттауға негізделген. Бағдарлама медитация, тыныс алу жаттығулары және денені саналы сезінуге бағытталған тәжірибелерді қамтиды.

2. Жастар арасында MBSR тиімділігі жөніндегі ғылыми деректер қарастырылды. Қазақстандық және халықаралық зерттеулер мен мета-талдаулар MBSR бағдарламасы жастар қабылдайтын стресс деңгейін, мазасыздық пен депрессиялық симптомдарды төмендетуге ықпал ететіні анықталды.

3. Қазақстан жастары арасында MBSR қолдану перспективалары айқындалды. Қазақстан жағдайында MBSR бағдарламасын мектептерде, жоғары оқу орындарында және жастар ресурстық орталықтарында енгізу психикалық денсаулықты нығайтудың тиімді бағыты ретінде қарастырылды.

Нәтижелер мен талқылау: 

Сонымен, жастары арасында MBSR-ді қолданудың әсері, стресс пен депрессиялық симптомдарға заманауи ғылыми деректерге нарративті шолу жүргізілді: әдіснамалық тәсілдердің мықты және әлсіз қырлары, іріктеменің жеткіліктілігі, зерттеу кезеңінің ұзақтығы, сондай-ақ стресс пен депрессияны өлшеуде қолданылған бағалау құралдарының (сауалнамалар, шкалалар, клиникалық бағалау) дәлдігі мен сәйкестігі талқыланды. 

MBSR бағдарламасы стресс симптомдарын төмендетуде тұрақты әсері болды,  саналық мен эмоцияны реттеу механизмдерінің күшеюімен байланыстылығы анықталды.

Депрессиялық симптомдарға ықпал көбіне жанама сипатта болып, руминативті ойлау деңгейіне, интервенция ұзақтығына және жеке ерекшеліктерге тәуелді екені нақтыланды.

Негізгі үрдістер ретінде MBSR бағдарламаларына қатысушыларда стресс деңгейінің және депрессиялық белгілердің бірізді түрде төмендеуі атап өтілді, алайда бірқатар шектеулер де көрсетіледі: өзін-өзі есеп беру мәліметтерінің субъективті сипаты, іріктеменің біркелкі болмауы, бақылаудың ұзақ мерзімді деректерінің тапшылығы. Сонымен бірге MBSR-дің ықтимал әсер ету механизмдері қарастырылды: саналық дағдыларын дамыту, эмоцияларды басқару, реттеу қабілетін күшейту және руминативті ойлауды азайту арқылы психологиялық әл-ауқатты жақсарту.

Қорытынды:  

Жасалған әдеби шолу MBSR бағдарламасының стрессті және депрессиялық симптомдарды төмендетуде тиімді екенін дәйектеді. Болашақта методологияны күшейту, ұзақ мерзімді бақылауды және объективті бағалау әдістерін қамтитын зерттеулер жүргізу қажет.   Нарративті шолу MBSR бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарды төмендетуде психологиялық теориялармен негізделген тиімді интервенция екені нақтыланды. Болашақта мәдени бейімделген бағдарламаларды әзірлеу және олардың тиімділігін эмпирикалық зерттеулер арқылы бағалау қажет.

Тұжырымдар: 

MBSR стресс пен депрессияны алдын алу және жеңілдету бағытындағы ғылыми негізделген, практикалық маңызы жоғары әдіс ретінде айқындалды. Бағдарламаның тиімділігін арттыру, мазмұны мен форматтарын мақсатты топтарға бейімдеу, және қолданылу аясын кеңейту үшін қосымша зерттеулер қажет екені анықталды. Бұл тақырыптың болашақтағы дамуы MBSR-ды психологиялық көмек көрсету жүйесіне енгізу, сондай-ақ әсер ету механизмдерін тереңірек зерттеулермен тығыз байланысты.

Әдебиеттер тізімі:

1. World Health Organization. (2022). Health Behaviour in School-aged Children (HBSC) study: International report 2021–2022. WHO Regional Office for Europe. https://www.who.int/europe/publications 

2. Sarsembayeva, N., et al. (2019). Prevalence of burnout syndrome among medical students in Kazakhstan. Medical Journal of Kazakhstan, 2(60), 45–52. https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC9357331/ 

3. Salari, N., et al. (2020). Prevalence of stress, anxiety, and depression among the general population during the COVID-19 pandemic: A systematic review and meta-analysis. Globalization and Health, 16(1), 57. https://doi.org/10.1186/s12992-020-00589-w 

4. UNICEF Kazakhstan. (2023). Situation analysis of children and adolescents in Kazakhstan. https://www.unicef.org/kazakhstan 

5. National Bureau of Statistics of the Republic of Kazakhstan. (2023). Mortality statistics among adolescents aged 15–17. https://stat.gov.kz 

6. Kabat-Zinn, J. (1990). Full catastrophe living: Using the wisdom of your body and mind to face stress, pain, and illness. New York: Delta.   

7. Kabat-Zinn, J. (2013). Full catastrophe living (Revised ed.). New York: Bantam.

8. Khoury, B., Sharma, M., Rush, S. E., & Fournier, C. (2015). Mindfulness-based stress reduction for healthy individuals: A meta-analysis. Journal of Psychosomatic Research, 78(6), 519–528. https://doi.org/10.1016/j.jpsychores.2015.03.009  

9. Goldin, P. R., & Gross, J. J. (2010). Effects of mindfulness-based stress reduction on emotion regulation in social anxiety disorder. Emotion, 10(1), 83–91. https://doi.org/10.1037/a0018441  

10. de Vibe, M., et al. (2017). Mindfulness-based stress reduction for improving health, quality of life, and social functioning. Clinical Psychology Review, 56, 27–44. https://doi.org/10.1016/j.cpr.2017.05.004  

11. Gross, J. J. (2015). Emotion regulation: Current status and future prospects. Psychological Inquiry, 26(1), 1–26. https://doi.org/10.1080/1047840X.2014.940781 

12. Aldao, A., et al. (2016). Emotion regulation as a transdiagnostic factor in the development of psychopathology. Journal of Clinical Psychology, 72(5), 1–17. https://doi.org/10.1002/jclp.22278 

13. Gu, J., et al. (2015). How do mindfulness-based cognitive therapy and mindfulness-based stress reduction work? Clinical Psychology Review, 37, 1–12. https://doi.org/10.1016/j.cpr.2015.02.001 

14. Hölzel, B. K., et al. (2016). How does mindfulness meditation work? Perspectives on Psychological Science, 11(3), 1–25. https://doi.org/10.1177/1745691616630671 

15. Watkins, E. R. (2016). Rumination-focused cognitive-behavioral therapy for depression. Current Opinion in Psychology, 8, 47–51. https://doi.org/10.1016/j.copsyc.2015.10.020 

16. Mambetalina, A. Cyniak-Cieciura, M., Popiel, A., Zawadzki, B., Cremeans-Smith, J. K., Fruehstorfer, D., & (2025). Measurement invariance of the PTSD Checklist for DSM-5 across eight countries and samples with diverse trauma experiences. Journal of Traumatic Stress. Advance online publication.  https://doi.org/10.1002/jts.23118https://doi.org/10.1002/jts.23118

https://www.scopus.com/pages/publications/105001679850

17. Bernstein, A., et al. (2019). Decentering and related constructs. Perspectives on Psychological Science, 14(4), 599–617. https://doi.org/10.1177/1745691619846505

18. А.С. Мамбеталина, Л.М. Гитихмаева, Ж.К. Аубакирова, Ж. Абишев, С.В. Карагулакова. Экспериментальные исследования эффективности майндфулнесс-интервенций в снижении симптомов стресса, тревоги и депрессии: систематический обзор. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 152(3), 39-52. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-39-52

19. Tang, Y.-Y., et al. (2015). The neuroscience of mindfulness meditation. Nature Reviews Neuroscience, 16(4), 213–225. https://doi.org/10.1038/nrn3916

20. Malinowski, P. (2018). Attention, mindfulness, and emotion regulation. Frontiers in Psychology, 9, 1325. https://doi.org/10.3389/fpsyg.2018.01325 

21. Pan, Y., et al. (2024). Effects of mindfulness-based interventions on stress among university students. Frontiers in Psychology, 15. https://doi.org/10.3389/fpsyg.2024.1298472 

22. Galante, J., et al. (2018). A mindfulness-based intervention to reduce stress in university students. The Lancet Public Health, 3(2), e72–e81. https://doi.org/10.1016/S2468-2667(17)30231-1 

23. Dawson, A. F., et al. (2020). Mindfulness-based interventions for university students. Applied Psychology: Health and Well-Being, 12(2), 384–410. https://doi.org/10.1111/aphw.12188 

24. Pençe, B., & Yıldırım, M. (2024). Effectiveness of mindfulness-based interventions on depression and anxiety. Current Psychology. https://doi.org/10.1007/s12144-024-05287-9 

25. Shakimova, D. D., Lawrence, K. C., & Aubakirova, Z. K. (2024). Professional development training can help teachers to build resistance against teaching associated stress. Cogent Education, 11(1), 2346049. https://doi.org/10.1080/2331186X.2024.2346049

26. Lee, E.-H. (2015). Review of the psychometric evidence of the Perceived Stress Scale. Asian Nursing Research, 9(1), 1–6. https://doi.org/10.1016/j.anr.2014.08.004 

27. Löwe, B., et al. (2019). Validation and standardization of the GAD-7. Medical Care, 57(9), 1–8. https://doi.org/10.1097/MLR.0000000000001135

28. Keefer, K. V., et al. (2018). Emotional intelligence in education. Educational Psychologist, 53(2), 1–16. https://doi.org/10.1080/00461520.2018.1449653 

29. Goessl, V. C., et al. (2017). Heart rate variability biofeedback training. Psychological Medicine, 47(15), 2578–2586. https://doi.org/10.1017/S0033291717001003 

29. Cahn, B. R., et al. (2019). Occipital gamma activation during Vipassana meditation. Cognitive Processing, 20(1), 1–12. https://doi.org/10.1007/s10339-018-0898-1 

30. Brandmeyer, T., & Delorme, A. (2021). Meditation and neurofeedback. Current Opinion in Psychology, 28, 158–162. https://doi.org/10.1016/j.copsyc.2019.12.016 

31. Wu, Q., et al. (2025). Effectiveness of online mindfulness-based stress reduction. Internet Interventions, 29, 100580. https://doi.org/10.1016/j.invent.2025.100580 

32. Mariño-Narvaez, M., et al. (2025). Online mindfulness-based interventions for mental health. Journal of Affective Disorders, 344, 84–97. https://doi.org/10.1016/j.jad.2024.12.045 

Авторлар туралы ақпарат 

А.С. Мамбеталина - Психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Янушкевич көш., 6, Астана, Қазақстан. mambetalina@mail.ru +7 775 550 2418

Ж.К. Аубакирова - Психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана, Акмешит 5A, aubakirova_zhk@enu.kz  +7 705 509 3918

Л.М. Гитихмаева - психология магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы, Еуразия ұлттық университеті. Л. Н. Гумилев, Янушкевич к-сі, 6, Астана, Қазақстан Enu.psichologists@gmail.com +77772813783

Ж. Абишев-сертификатталған MBSR оқытушысы, аға тренер және Mindful Academy Solterreno (Испания) ұйымының майндфулнес-супервизоры; докторант, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана. abishev.zhassulan@gmail.com +7 747 367 8238

С.В. Карагулакова - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының оқытушысы, психология магистрі, Янушкевич көшесі, 6, 010008, Астана, Қазақстан; e-mail: karagulakova77@gmail.com https://orcid.org/0009-0000-7885-9833