Кино және театр актері Сырым Қашқабаев отбасындағы әкенің орны туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі көп уақытын жұмыста өткізетінін, сол үшін балаларының алдында өзін кінәлі сезінгенін жеткізді.
«Ер азығы түзде» дейді ғой. Күндіз театрға, одан кейін дубляжға, концертке барасың, сосын той-томалаққа шығасың. Солай күнкөрістің қамымен жүріп, үйде болмайды екенмін. Бірде жұмыстан келсем, қызым сурет салыпты. Суретте күн үй. Сосын анасы, інісі ғана. Неліктен мені қоспағанын сұрадым. «Сен үнемі үйде болмайсың, жұмыстасың» деп жауап берді. Бір жағынан күлкілі көрінгенімен, бір жағынан өзімді кінәлі сезіндім. Тіпті «Театрдан кетемін-ау» деген ой болды. Себебі актер болғандықтан, қызыммен бірге көп уақыт өткізе бермеймін. Сондықтан балаларымнан кешірім сұраймын», - дейді актер «1001 түн» бағдарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.