Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин халықаралық турнирдің финалына шықты

Спортшы жұптық сында чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының теннисшісі Григорий Ломакин Бангалорда (Үндістан) өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы жұптық сында чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Жартылай финалда Григорий Ломакин мен ресейлік Павел Бар-Бирюков Үндістан өкілдері Мукундр Сасикумар мен Адиль Калианпурдан басым түсті.

Кездесу 7:6, 7:6 есебімен аяқталды.

Финалда Ломакин мен Бар-Бирюковтың қарсыластары үндістандық Ники Калиянда Пунача мен Сакет Минени болмақ.