Астанада тренд видео түсірген блогерге айыппұл салынды

Құқық бұзушылық Instagram-ға жарияланған видео, әкімшілік хаттама және инспектор рапорты арқылы дәлелденген.

Астана қаласында “Бәйтерек” монументі маңында тренд видео түсірмек болған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 27 сәуірге қараған түні Нұржол бульварында болған. Іс материалдарына сәйкес, бойжеткен әлеуметтік желіге әсерлі видео түсіру мақсатында шампан бөтелкесін ашып, ішімдікті қоғамдық орында жерге төккен.

Құқық бұзушылық Instagram-ға жарияланған видео, әкімшілік хаттама және инспектор рапорты арқылы дәлелденген.

Сот отырысында азаматша өз кінәсін толық мойындап, түсірілімнен кейін қоқысты жинап кеткенін айтқан. Бұл жайт жеңілдететін жағдай ретінде ескерілгенімен, сот оған 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды.

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты мәліметінше, бойжеткен қоғамдық жұмыстарға тартылуға келіспеген.