Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым Оспанова (60 келіге дейін), Диана Надырбек (75 келіге дейін), Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін), Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары), Жансая Ержан (80 келіге дейін) жеңіп алды.
Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін), Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін), Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Милана Иншина (46 келіге дейін), Бекхан Уразбай (52 келіге дейін), Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін), Розалия Вайдеман (57 келіге дейін), Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.