Алматы облысында тұрғын үйлердің аумағынан жыландар табылған екі жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
112 қызметіне жеке тұрғын үйлер маңында жылан жүргені туралы хабарламалар түскен. Алғашқы оқиға Тескенсу ауылында болса, екінші жағдай Қонаев қаласының 18-шағын ауданында болған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бауырымен жорғалаушыларды ұстап алып, қауіпсіз жерге жіберген.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарға жылан немесе өзге де жабайы жануарларды өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға кеңес берді. Мұндай жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласу қажет.