Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға жасаған сапарынан кейін ұшақта журналистермен кездесіп, өткен келіссөздерге қатысты өз бағасын берді.
Aikyn.kz сайты TRThaber-ге сілтеме жасап, сұхбаттың негізгі тұстарын ұсынады
- Режеп Тайип Эрдоған Қазақстанға сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасындағы «Мәңгі достық және кеңейтілген стратегиялық әріптестік декларациясына» қол қойылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар сауда көлемін 15 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты айтылды.
- Түркия президенті Қазақстан экономикасының соңғы бес жылда тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 5500 түрік компаниясы жұмыс істейді, ал түрік мердігерлерінің жобаларының жалпы құны 30 миллиард долларға жеткен.
- Энергетика саласында Қазақстан мұнайын Баку–Тбилиси–Жейхан құбыры арқылы тасымалдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Түркия мен Қазақстан мұнай-газ саласындағы жаңа келісімдерге де қол қойды.
- Түркістанда өткен Түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммитінде «Түркістан декларациясы» қабылданды. Құжатта цифрландыру, жасанды интеллект және түркі мемлекеттері арасындағы институционалдық интеграцияны күшейту мәселелері қамтылған.
- Ердоған Израильдің әрекеттері Таяу Шығыстағы шиеленісті күшейтіп отырғанын айтып, аймақта тұрақтылық орнату қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Түркия НАТО саммитіне дайындалып жатқанын және жаңа қауіпсіздік архитектурасы талқыланатынын жеткізді.
- Түркия басшысы елде «терроризмсіз Түркия» идеясын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ жаңа конституция қабылдау қажеттігін атап өтіп, қазіргі заманға сай азаматтық конституция керек екенін мәлімдеді.