Хаби Алонсо Лондонның Челси клубымен принциптік келісімге келді, деп хабарлайды RMC Sport.
Мәліметке сәйкес, тараптар кем дегенде 2028 жылға дейінгі ұзақмерзімді келісімшартқа қол қоймақ. Сондай-ақ Алонсо клубтың жазғы трансферлік жұмыстарына белсенді араласатыны айтылды.
Айта кетейік, Алонсоның бапкер ретіндегі соңғы клубы Реал Мадрид болды. Ол команданы 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың 12 қаңтарына дейін жаттықтырды. Осы аралықта команда 28 матч өткізіп, 20 жеңіске жетті, үш ойын тең аяқталып, бес кездесуде жеңіліс тапты. Сонымен қатар Алонсо Германияның Байер клубымен ел чемпионы атанған.