Көлеңкеде 40 градустан жоғары болады: Жақын арада аптап ыстық күтілуде

Еуропада жазғы аптап жыл сайын күшейіп барады

Еуропада жаз мезгіліндегі аптап ыстық жылдан жылға күшейіп келеді. Польшадағы TwojaPogoda басылымының жазуынша, XX ғасырда құрлықтың солтүстік бөлігінде 30 градустан жоғары температура жаз бойы бірнеше күн ғана сақталатын. Ал қазір мұндай күндер қалыпты құбылысқа айналған.

Басылым авторлары соңғы жылдардағы жаз маусымдары Польшада метеобақылау тарихындағы ең ыстық кезеңдердің бірі болғанын атап өтеді. Ел үшін көпжылдық климаттық норма бойынша жазда 30 градустан жоғары температура 10 күннен аспауы тиіс. Алайда кейінгі жылдары мұндай күндердің саны шамамен 30-ға жеткен.

Польша үшін әсіресе 2018, 2019 және 2024 жылдар өте ыстық болды. Бұл жылдары елдің көптеген өңірінде ең жоғары температура бойынша рекордтар жаңарған.

Материалда айтылғандай, қазір Польша үшін бір ғана символикалық шек қалды. Ол — көлеңкеде 40 градустан жоғары температураның ресми тіркелуі.