Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапатқа ие болды

Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, өзара бақ сынаған.

14-17 мамыр аралығында Варшава қаласында 10-11-сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Халықаралық дода қорытындысы бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар ел мерейін үстем етті.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар аталған олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл – еліміздің жас зияткерлерінің философиялық ойлау мәдениеті мен білім деңгейінің қалыптасқанының айқын көрінісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.