Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-енесін не үшін өлтіргені белгілі болды

Сұлтан әке-шешесінің балаларға бауыр басып қалғанын ойлап, ата-енесінің көзін жойған.

Бұл туралы прокурор оқыған айыптау актісінен белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz меншікті тілшісі.

Марқұм Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева қыздары Ақбаянның денсаулық жағдайына алаңдап, Сұлтаннан барлық жиендерін ауылға әкелуін талап еткен. Бұл әңгіме Сұлтан Ақбаян және кішкентай баласымен бірге Жангелдин ауылына арнайы барған кезде орын алған.

Сұлтан әке-шешесінің балаларға бауыр басып қалғанын ойлап, ата-енесінің көзін жоюды ойлаған. 

Сөйтіп, қылмысты адам көрмейтін жерде жасауды жоспарлаған. Үй ауласындағы сарайда алдымен енесі Нәсіп Өтешқалиеваны пышақтап өлтірген. Кейін қайын атасы  Мақсот Қарабалин сарайға кірген уақытта оның ту сыртынан ет турайтын пышақпен шабуыл жасаған. Жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған. 

Кейін олардың денелерін жасыру үшін Сұлтан Сәрсемәлиев түннің болуын күткен.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.