Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес полковник Ернұр Жүнісов ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысы, полковник Ернұр Жүнісовтің қызмет жолында жинаған мол тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне жүктелген барлық міндеттерді лайықты орындайтынына сенім білдірді.
Ернұр Жүнісов бұған дейін құқық қорғау органдары жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарған.
Адал қызметі үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен, сондай-ақ бірқатар мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.