Астанада екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Жайылма көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндірушілер ашық жалынды анықтап, тілсіз жаудың тез өршіп бара жатқанын байқаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт қысқа уақытта оқшауланды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, ТЖД күштері өрттің жоғарғы дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

Өртті сөндіру барысында сумен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны қолданылған.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.