Мәскеу қаласының Халықаралық самбо орталығында Мәскеу спорт департаменті мен Халықаралық қоян-қолтық федерациясының ұйымдастыруымен "Достық кубогы" жекпе-жектен Әлем кубогының кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бесінші рет өткізіліп отырған турнир әлемнің 16 елінен 250-ден астам спортшыны жинады. Қатысушылар "Дуэль", "Өзін-өзі қорғау" және "Өзін-өзі қорғау 1+1" пәндері бойынша 30 марапат жиынтығын сынға салды.
Халықаралық турнирде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының BURKIT TEAM командасының жауынгерлері де жоғары нәтиже көрсетті. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әйгерім Төреханова сенімді түрде алтын медаль жеңіп алып, Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды. Өз кезегінде 67 келіге дейінгі санатта Әсембай Манарбек тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы турнирдің ең мықты командаларының қатарына кіріп, 30 медаль, оның ішінде 17 алтын жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
Халықаралық турнир аяқталғаннан кейін, елге оралған отандық спортшыларды Қазақстанда жанкүйерлері, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері, Burkit Team командасы, сондай-ақ туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Әуежайда спортшыларды ерекше қошеметпен, тамаша ән-жырмен құттықтап, әлемдік аренада лайықты өнер көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.