11 маусым күні Астанада II «Қазақстандағы қалалық мобильділікті дамыту» форумы өтеді. Бұл көлік, қалалық инфрақұрылым және тұрақты даму мәселелеріне арналған еліміздегі ең ірі алаңдардың бірі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Форумның ұйымдастырушысы – URBAN EXPERT қоғамдық қоры.
Технологиялық серіктес – Yandex Qazaqstan.
Институционалдық серіктес – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
Салалық серіктес – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.
Стратегиялық серіктесі – Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы.
–“Қазақстандағы қалалық мобильділікті дамыту” форумының басты мақсаты – мемлекеттік органдар, бизнес, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерін біріктіріп, қалалық мобильділік саласындағы практикалық шешімдерді талқылау. Басты назарда такси нарығын реттеу, платформалық жұмыспен қамту, қоғамдық көлікті дамыту, микромобильділік және кикшеринг мәселелері, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
URBAN EXPERT қоғамдық қоры ұйымдастырған алғашқы «Қазақстандағы қалалық мобильділікті дамыту» форумы 2025 жылғы 6 ақпанда Астанада өтті. Оған шамамен 150 адам қатысты.
«Екінші форум бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі орталығына айналып, қатысушыларға көлік саласын дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Мұнда реттеу, технологиялар мен басқарудың болашағын айқындайтын стратегиялық шешімдер қалыптасады», – деп толықтырды Қоғамдық қор өкілдері.
Форум қатысушылары көлік саласындағы ең өзекті трендтермен және инновациялармен танысуға мүмкіндік алады. Саланың жетекші сарапшылары мен кәсіби мамандары тәжірибелік ұсыныстарын бөлісіп, қатысушылардың көкжиегін кеңейтуге және болашақ сын-қатерлерге дайындалуына көмектеседі.
Форум аясында 27 спикер сөз сөйлейді. Қатысушылар қатарында Мәжіліс депутаттары, Көлік министрлігі, ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ірі технологиялық және көлік компанияларының басшылары, такси, кикшеринг, каршеринг сервистерінің өкілдері мен урбанистер бар.
Бағдарлама үш панельдік сессиядан тұрады:
- «Такси саласын көліктік реттеу»
- «Салық кодексі және платформалық жұмыспен қамту»
- «Микромобильділік және кикшеринг»
Күні: 2026 жылғы 11 маусым
Өтетін орны: Астана қаласы, The Ritz-Carlton
Уақыты: 09:00 -15:00
Толық ақпарат пен тіркелу форумның сайтында: Urban Mobility Kazakhstan.