Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық құрама жарысты бір алтын, бір күміс және үш қола жүлдемен аяқтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Жәния Бекмұхамбетова U13 санатында чемпион атанды. Ал Назерке Болатбек U11 жас санаты бойынша күміс медаль иеленді.
Мария Лукьянова (U15), Адель Вебер және Дагир Данияров (U11) турнирді қола жүлдемен қорытындылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.