Жоңғар-Алатауы ұлттық паркіндегі аюдан зардап шеккендер жоқ

Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа сәйкес, «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған жағдай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақмерзімді серіктестік аумағы – «Табиғат ОРХ» ЖШС аумағында тіркелді.

Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Ескерту! Жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!, - делінген арнайы ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.