Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.