«Ұлты басқа болғанмен, жүрегі қазақ деп соғады»: Толқын Забирова күйеуі туралы айтты (видео)

Айтуынша, жолдасы ұлты басқа болғанмен, ұзақ жыл қазақ өнеріне қызмет етіп келеді.

Әнші Толқын Забирова ұлы екеуі “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі күйеуі туралы айтты. Айтуынша, жолдасы ұлты басқа болғанмен, ұзақ жыл қазақ өнеріне қызмет етіп келеді. 

«Жолдасымның ұлты қазақ болмағанымен, жаны да, тәні де қазақ. Қазақ өнеріне еңбек сіңіріп жүр, жүрегі қазақ деп соғады. Ол Жамбылда туып-өскен. 1 жарым жаста әке-шешесінен айырылып, балалар үйінде өскен. Өзін сүйреп, өмір бақи әкесі, шешесі не әпкесі болмай, өзін қамшылап, осындай деңгейге жеткен. Ермек ағамыздан, Роза Бағланова апамыздан бастап, сондай үлкен өнер майталмандарымен бірге еңбек еткен. Соларды үлкен сахнаға шығарған, гастрольдік, концерттік бағдарламаларды дайындаған. Көптеген өнер адамдарын менің жолдасым сахнаға шығарған. Қазақконцерттің гастрольдік концерттік бағдарламаларымен 35 жыл айналысқан. Шоу-бизнестің тасын қалаған, кірпішін салып кеткен — менің жолдасым», - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі балаларының құжатында қазақ деп жазылғанын атап өтті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.