Актер Тәуекел Мүсілім Zamandas подкастында әкесі туралы айтып, көзіне жас алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл тақырыпта сөз қозғау өзіне ауыр екенін жасырмады. Сонымен қатар балалық шақта ата-ананың мейірімі жетпегенін айтты. Айтуынша, ер баланың өмірінде әкенің орны бөлек. Әкесінің жанында болмауы өзіне қатты әсер еткен. Сондықтан актер қазір уақытының көбін балаларымен өткізеді.
«Әкем тірі болса, көп дүние туралы сұрар едім. Әкем 2010 жылы өмірден өтті. Онымен ашық сөйлесе алмадым. Егер тірі болғанда оған барып, неге өзін бұлай ұстағанын, неге бізді тастап кеткенін, неге суық болғанын сұрар едім. Әкенің көңіл бөлгені жетпеді, кез келген жігіт үшін бұл маңызды деп ойлаймын. Жанымда болғанын, қолдағанын қаладым. Бірақ олай болмады, содан баланың қасында әкенің болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Қазір өзім уақытымның көп бөлігін отбасыммен өткіземін. Әке, күйеу ретінде басты міндетімді алдыңға орынға қоямын», — деді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.