А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11 «З»-сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік 90 жоғары оқу орнынан шақырту алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Еуропа елдері мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші оқу орындары бар.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Набира осы таңдаудың ішінен болашағын жаһандық технология мен бизнестің орталығы – Оңтүстік Корея елімен байланыстыруды жөн көрді.
Ол халықаралық деңгейдегі ең беделді оқу орындарының бірі – INHA UNIVERSITY-ді таңдап, шетелдік жоғары оқу орнының «Халықаралық бизнес және қатынастар» мамандығында білім алмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.