Президент Жарлығымен саммитке үлес қосқан түркістандықтар награда алды

Наградалар өңірдегі коммуналдық қызмет еңбеккерлері мен мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, сондай-ақ еріктілерге берілді.

Президент Жарлығымен Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Наградалар өңірдегі коммуналдық қызмет еңбеккерлері мен мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, сондай-ақ еріктілерге берілді.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін мына азаматтар марапатталсын:

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Әбішов Мұхтар Пірназарұлы – «Жасыл саябақтар» МКМ бағбаны, Түркістан облысының Бәйдібек ауданы

Күзембаева Әмина Байдүсенқызы – «Темірлан абаттандыру» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Ордабасы ауданы

Қонысов Ердос Ақболатұлы  – «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК «С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей» филиалының экскурсия жүргізушісі 

Матибаева Райхан Темірбайқызы – «Леңгір тазалық» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Төлеби ауданы

Орынбасар Парымбек Қаныбекұлы – «Тұран су» МКК инженер-гидротехнигі, Түркістан қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әбдиев Тахир Батырбекұлы  – «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Түркістан қалалық №1 кіші бекетінің меңгерушісі

Әбдіраев Мадияр Ізбасарұлы – «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС жұмысшысы, Түркістан қаласы

Әдешов Сырым Серікбайұлы – «Жасыл қала» КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Кентау қаласы

Әлімбеков Руслан Мұратұлы – «Әулие ата» ЖШС директоры, Түркістан облысы

Байнеев Бағдат Мұқашұлы – «Созақ сәулет» МКК трактор жүргізушісі, Түркістан облысының Созақ ауданы

Бекжанов Әлімбек Шамбилұлы – Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай қызмет» КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысы 

Бектаев Ернар Нұралыұлы – волонтер, Түркістан облысы 

Бойбусинов Әлдибек Нұғмонұлы – «Шардара ауданының шаруашылық қызметі» КММ жұмысшысы, Түркістан облысы

Бөрібаев Бейділда Есімханұлы – «Отырар 2050» КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысының Отырар ауданы

Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы – «КДСМ» ЖШС директоры, Түркістан облысы

Қабылова Салтанат Орынбасарқызы – «Мырзакент-Қызмет» КММ аула тазалаушысы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы

Қожамбердіұлы Ғабит – «Жасыл Арыс» КММ бағбаны, Түркістан облысы

Мақанбай Айда Орынбасарқызы – волонтер, Түркістан қаласы

Мырзалиев Төлеби Әділжанұлы – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» ММ бас маманы

Мырзамұратов Нұрғали Алтайұлы – Сарыағаш ауданы әкімдігінің «Сарыағаш қызмет» КММ жұмысшысы, Түркістан облысы

Омаров Алишер Абдувахитович  – волонтер, Түркістан қаласы

Тасқынбаев Әбиболла Мұсабекұлы – Келес ауданы әкімдігінің «Келес қызмет» КММ жұмысшысы, Түркістан облысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.