Көркем гимнастика: Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Азия чемпионаты 23-26 мамыр аралығында өтеді.

Көркем гимнастикадан Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрлық біріншілігінде жекелей сында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы ел намысын қорғайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, топтық жаттығуларда Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетеді.

Азия чемпионаты 23-26 мамыр аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.