Үсік жүреді, жел күшейеді: 22 мамырға ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 22 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, солтүстік пен шығыста үсік жүреді, жел күшейеді.

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман жүреді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 3 градус үсік болуы мүмкін. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түседі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, түнде оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Қарағанды қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, оңтүстігінде кей уақытта 23 м/с болады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. Өскеменде күндіз ауа температурасы 13–15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–18 м/с болады.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстіктен соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Семейде күндіз ауа температурасы 13–15 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Шығысында түнде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Батысында төтенше, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–18 м/с болады. Қонаевта жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с болады. Талдықорғанда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, кей уақытта жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады. Күндіз де жаңбыр, найзағай ойнайды, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Таразда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында болжанған жаңбырларға байланысты, кей уақытта қатты жауын-шашын салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Соның салдарынан су жайылып, аумақтарды су басу қаупі бар.

Қызылорда облысының шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с болады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын жел облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл болады. Шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.