Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекіткенін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.