Өңірлерде жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл болады

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елдің солтүстігінде түнгі үсік күтіледі. Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, тұман, бұршақ және шаңды дауыл болжанады. Қазақстанның шығысында кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада - күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, топырақ бетінде үсік күтіледі, күндіз +13…+15°C.
Алматыда - күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте - күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.