Ақтау қаласында азамат Telegram мессенджері арқылы психотроптық заттарды сату туралы жарнамасы бар парақшаларды жапсырып, ғимараттардың қасбеттеріне граффити салған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құқық бұзушы кезекті материалды таратукезінде полиция қызметкерлерімен қылмыс үстінде ұсталды.
Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 23 сәуірдегі үкімімен азамат «А» ҚР ҚК-нің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енген жоқ).
Кінәсін мойындағанына қарамастан, оған нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мұндай «жазбалар» — өзін-өзі білдіру емес, есірткі құралдарын насихаттауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық.
Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс көздерінен бас тартуға және құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады.