Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды

Тұрғын үймен қамтамасыз ету шарасы театр, филармония, музей, кітапхана, архив, білім беру ұйымдары және мәдениет саласының өзге де мекемелерінде еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қамтыды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала өкілдерін Мемлекет басшысының атынан құттықтап, 60 пәтер мен 13 мемлекеттік награда табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Тұрғын үймен қамтамасыз ету шарасы театр, филармония, музей, кітапхана, архив, білім беру ұйымдары және мәдениет саласының өзге де мекемелерінде еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қамтыды. Олардың қатарында артистер, оқытушылар, музыканттар, архив қызметкерлері, кітапханашылар және техникалық мамандар бар.

Сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне отандық мәдениетті, әдебиетті, музыканы, театр және хореография өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табысталды.

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев жоғары мемлекеттік марапат — «Парасат» орденімен наградталды.

Соңғы жылдары Қазақстанда мәдени инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 150-ден астам мәдениет нысаны ашылып, тағы 64 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.