Астанада Халықаралық Олимпиада күніне орай хоккейден Barys Fest турнирі өтті

Турнирге елорданың сегіз командасы қатысты.

Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Халықаралық Олимпиада күніне орай хоккейден Barys Fest балалар турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарысты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Барыс» хоккей клубымен бірлесіп өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Турнирге елорданың сегіз командасы қатысты. Кездесу кросс-айс форматында, яғни көлемі кішірейтілген мұз айдынында өтті. Бұл формат жас хоккейшілердің шайбамен жиі жұмыс істеуіне, ойын барысында жылдам шешім қабылдауына және қарқынды сәттерде мол тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.