Белгілі әзілкеш Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол мешіттің жанында белгісіз арумен түскен суретін жариялады. Қолында неке куәлігі бар.
«Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнең 25 жас кіші…. Жүрегім тыныш… Көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын…», - деп жазды актер.
Желі қолданушылары әзілкеш отбасын құрды деп болжам жасады. Бірі бақыт тілесе, енді бірі тым жас қызға үйленгенін айтып, сынға алған.
«Бақытты болыңыздар», «Әкесімен жасты кісі ғой», «Кино шығар деп ойлаймын», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.