Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде кенже қызы Рәбия Сұлтанмен түскен видеоны жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бейнежазбада өнер иесі кішкентай қызын көтеріп, серуендеп жүрген сәт көрінеді. Әнші қызының өзінен басқа ешкімнің қолына бармайтынын айтып, перзентіне сүйіспеншілігін білдірген.
Желі қолданушылары бұл көріністі жылы қабылдады. Кенже қызына арнап жаңа ән жазуды сұраған тыңдармандар да бар.
Рәбия Сұлтан — Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті. Сәбилі болғаны туралы жұп өткен жылы хабарлаған болатын. Жұлдызды жұп әзірге қыздарының жүзін көпшілікке көрсетпеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.