Таеквондошы Назым Махмұтова Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Қазақстандық спортшы Назым Махмұтова таеквондодан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Назым бұл кезеңде Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қытайлық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) қола медаль алған еді.