Францияда коронавирустан 1100 адам көз жұмды
Францияда коронавирустан 1100 адам көз жұмды
© 24.kz
Францияда коронавирустан көз жұмғандар саны 1100-ге жетті. Оның 240-ы соңғы бір тәулікте тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Жером Саломон мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл тек ресми мәлімет. Бұдан бөлек, қарттар үйінде қайтыс болған егде жастағылар бар. Өйткені онда коронавирусты анықтайтын тестілер жасалынбайды екен. Бұған дейін қарттар үйінің қызметкрелері де дабыл қағып, қарияларға қауіп төніп тұрғанын айтқан еді. Ізінше мұндай барлық мекеме карантинге алынған болатын. Десе де, бір ғана Париждің12-округіндегі қарттар үйінің өзінде эпидемиядан 16 науқас көз жұмған. Ал, 81-інен COVID-19 анықталған. Айта кетейік, Францияда бүгінде 22300 адамнан инфекция анықталды.
"Қазір OVID-19-ды жұқтырғандардың үштен бірі 60 жастан төменгілер. Алғ 58%-і 60 пен 80 арасындағы егде жастағылар. Францияда эпидемия етек жайғалы көз жұмғандардың 85%-і 70 жастан асқандар", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Жером Саломон.