Рудный қаласындағы Космонавтов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары автосатының көмегімен 4 адамды құтқарған. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 14 тұрғын, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде де өрт шыққан болатын.