Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы жол апаты 23 мамырға қараған түні Университет көшесінде, Қарағанды университеті жатақханасының маңында болған.
Полиция мәліметінше, Lada көлігін басқарған 33 жастағы жүргізуші Университет көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған қызды қағып кеткен.
2006 жылы туған бойжеткен алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырды.