Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашамыз - Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты

Астанада келесі оқу жылы тағы 12 жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Мектеп салу және балаларымыз үшін жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бірқатар мектеп пен оқушылар сарайының құрылыс барысымен таныстым.

Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашамыз. Мәселен, соңғы жылдары 44 мектеп салдық. Осы шаралар қолданыстағы мектептерге түсетін салмақты едәуір азайтып, қосымша оқушы орындарын ашуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік инфрақұрылымға қажеттілік жоғары аудандарға айрықша назар аударып отырмыз.

Сол сияқты 2027 жылға арналған дайындық жұмысы жүріп жатыр: жобалық және қала құрылысына қатысты құжаттамалар әзірлеу ісі қолға алынған. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін қалада 140-қа жуық жаңа мектеп салу көзделіп отыр.

Сондай-ақ биыл тағы екі Оқушылар сарайы мен алты балабақша ашу жоспарланып отыр. Оқу және білім беру орталықтарының құрылысына жеке инвестициялар да жұмылдырып отыр, - деді әкім