"Астана-АЭК" АҚ басқарма төрағасы Руслан Абжанов 25 мамырда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегі қоғамдық тыңдауда елордадағы электр энергиясы тарифі қымбаттайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Айтуынша, тарифті 12,5%-ға арттыру ұсынылған.
"Астана-АЭК" АҚ электр энергиясының шекті бағасын 31,18 теңгеден 35,07 теңге/кВтсағ-қа дейін көтеруге өтінім берді", – деді Руслан Абжанов.
Компания тарифті қайта қарау қажеттігін бірнеше фактормен түсіндірді. Атап айтқанда: электр энергиясын сатып алу және тасымалдау құны өскен. Екіншіден, KEGOC қызметтері бағасы қымбаттаған. Оған қоса, қуат нарығындағы шығын артқан. Теңгерімдеуші нарықтағы шығыстар көбейген. Сараланған тарифтер мен тариф өсіміне енгізілген мораторий салдарынан қалыптасқан шығындарды өтеу қажеттігі туындады.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім кейінірек қабылданатынын атап өтті.