Медицина қызметкері күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында өтетін «Өз кәсібінің үздігі – 2026» республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Қазір республикалық кезең өткізіліп жатыр, оның шеңберінде өңірлік кезең жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды, – делінген хабарламада.
Әртүрлі бейіндегі және қызмет салаларындағы медицина қызметкерлері келесі аталымдар бойынша марапатталады: «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор».
Конкурс медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.