"Серуендеуге шыққан": Ақтөбеде аттан құлаған тұрғынға өтемақы төленеді

Сот атпен серуендеу кезінде келтірілген зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандырды.

Ақтөбеде сот атпен серуендеу кезінде орын алған қайғылы жағдайдан кейін келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талап қоюшы сотқа демалыс орталығында аттан құлап, ауруханаға түскен. Салдарынан ІІ топ мүгедектігін алған. Жауапкерлерден ортақ тәртіпте материалдық шығын, моральдық залалды өндіру туралы талабымен жүгінген.

Істі қарау барысында талап қоюшы А.-ға атпен серуендеу қызметін көрсеткен кезде жауапкер О. техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларын қамтамасыз етпегені анықталды. 

-Талап қоюшы «А». ауруханаға түсіп, бірнеше ота жасатып, ІІ топ мүгедектігі берілген. Сот талап қоюшы А.-ға материалдық шығын мен моралдық залалдың жауапкер О.-ның кінәсінен келтірілген деген қорытындыға келді. 2026 жылғы 20 наурыздағы сот шешімімен жауапкер О.-дан  2 270 098 теңге материалдық шығын, 10 000 000 теңге моралдық залал өндірілді, - деп хабарлады Ақтөбе қаласының №3 сотының баспасөз қызметі.