Синоптиктер 26 мамыр, сейсенбіге Қазақстан аумағындағы ауа райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды Aikyn.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы елдің шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ғана күтіледі.
Болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -2°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
"Солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміз бойынша жел күшейеді, күндіз батыс пен шығыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі. Түнгі уақытта батыста, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.