Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың екінші қызы мектеп бітірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жас түлектің мектеп бітіру кешінен әсерлі сәттерді әлеуметтік желіде жариялады.
«Алау Қайратқызы, жас түлек! Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын! Сен армандаған белестің биік екенін білемін. Сен оған өз талпынысыңмен жетеріңді де білемін. Біз әрдайым сенің жаныңдамыз», – деп жазды актриса.
Бейнежазбада мектеп бітіру кешіне Қайрат Нұртастың қатысқанын көруге болады.
Желі қолданушылары да жас түлектерге ақ жол тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.