Ұлытау облысының тұрғыны сирек кездесетін көне қаруды полицияға тапсырды

Тексеру барысында табылған мылтықтың жай ғана қару емес екені анықталды.

Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, сатып алған үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында көне мылтық тауып алғанын хабарлап, заң талаптарын сақтап, қаруды бірден полиция қызметкерлеріне тапсырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру барысында табылған мылтықтың жай ғана қару емес екені анықталды. Ол – әлемдік қару-жарақ тарихында ерекше орны бар, әйгілі конструктор Джон Мозес Браунинг жасаған Browning Auto-5 мылтығы болып шықты.