"Бұршақ жауады, дауыл болады": 27 мамырға ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 27 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз батыс, шығыс және оңтүстік аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыс пен оңтүстікте 15–20 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Батысында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұл құбылысқа солтүстік аудандар да қосылады. Батысында және солтүстігінде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр мен найзағай болады, жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында түнде және күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде 15–20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, шығысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғады. Оңтүстік-шығысында және орталығында жел екпіні 15–20 м/с болады. Батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15–20 м/с жетеді. Солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстігінде және таулы аудандарда кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 25 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз жаңбыр мен найзағай болады, кешке қарай кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Қонаевта жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады, күндіз кей жерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 15–22 м/с, кей уақытта 28 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Таулы аймақтарда кей жерде қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с жетеді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақытта жаңбыр, найзағай және дауыл болады, түнде және таңертең қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің күндізгі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Түркістанда да кей уақытта жаңбыр, найзағай және дауыл болады, жел екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында түнде оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз мұндай ауа райы облыстың басым бөлігінде сақталады. Шығысында, солтүстігінде және орталығында дауыл мен шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, батысында 23 м/с дейін жетеді. Батысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желі 15–20 м/с, кей жерде 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде және шығысында бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Батыс және оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с, кей жерде 23–28 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 15–20 м/с болады.

Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде және шығысында кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желі 15–20 м/с, шығысында 23–28 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, орталығы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Атырауда кей уақытта жаңбыр мен найзағай болады, жел екпіні 15–20 м/с жетеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.