Халықаралық Astana AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Оған кез келген елдің креаторлары қатыса алады. Жас шектеуі жоқ.
Басты талап – қысқаметражды фильм толығымен жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалуы керек. Танымал тұлғалардың бейнесін персонаж ретінде пайдалануға болмайды.
Сонымен бірге, авторлық музыкалық композицияларды қолдануға тыйым салынады. Ұзақтығы 3-10 минут.
Жүлде қоры - 1 миллион доллар. Жеңімпаздар екі бағыт бойынша анықталады. Біріншісі «Өмір сүруге тұрарлық болашақ» тақырыбында болса, екіншісі – еркін бағыт.
Айта кетейік, фестиваль 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Ұйымдастырушылар байқауға шамамен 4 мыңға жуық туынды түсуі мүмкін дейді.
Өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.