"Анам еден жуушы, әкем күзетші болды": Махмұд Сабырхан отбасы туралы айтты (видео)

Спортшының айтуынша, қиын кезеңде ата-анасы бірнеше жерде жұмыс істеп, балаларының жағдайын жасаған.

«1001 түн» студиясында ағайынды боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан қонақта болды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Спортшының айтуынша, қиын кезеңде ата-анасы бірнеше жерде жұмыс істеп, балаларының жағдайын жасаған. Қазір сол қажырлы еңбегі ақталды.

«Ата-анамыз барынша бізге жағдай жасауға тырысты. Мырзахан деген үлкен ағам да боксқа баратын. Ол боксты қойып, оқып, жұмыс істеп, ата-анама көмектесті. Анам негізі медицина саласының маманы. Бірақ ол кезде мамандығы бойынша жұмыс болмаған соң, мектепте еден жуушы, әкем күзетші болып жұмыс істеді. Әкем бір емес, үш жерде жұмыс істеді. Ата-анамыз бізге спорттық киім, жолымызға қаражат тауып беріп, еңбегімен жеткізді. Қазір елдің намысын қорғап жүрміз. Ата-анамыз қазір сол еңбегінің жемісін көріп отыр деп ойлаймын», - дейді Махмұд Сабырхан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.